ГЛАВНАЯАРХИВ НОВОСТЕЙПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНИМИДЖ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫВОПРОСЫ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИО ПРОТИВОДЕЙСТВИИ ТЕРРОРИЗМУВАКАНСИИПРОГРАММА РАЗВИТИЯ ТЕРРИТОРИИ ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАНОВАЯ ЭКОНОМИКА - НОВЫЕ ПЛАНЫ И ГОРИЗОНТЫК ЗЕЛЕНОЙ ЭКОНОМИКЕЭКОНОМИКА и ФИНАНСЫГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТОБРАЗОВАНИЕСОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ЗАНЯТОСТЬДОРОЖНАЯ КАРТА 2020ЗДРАВООХРАНЕНИЕКУЛЬТУРА И ЯЗЫКИФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА И СПОРТТУРИЗМВНУТРЕННЯЯ ПОЛИТИКАСЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВОАРХИТЕКТУРА И ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВОЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОЕ ХОЗЯЙСТВО ПАССАЖИРСКОГО ТРАНСПОРТА, АВТОМОБИЛЬНЫХ ДОРОГ, СТРОИТЕЛЬСТВА И ЖИЛИЩНОЙ ИНСПЕКЦИИПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО и ПРОМЫШЛЕННОСТЬГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОДДЕРЖКА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИУПРАВЛЕНИЕ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ДОХОДАМЗЕМЕЛЬНЫЕ ОТНОШЕНИЯПРОЕКТЫ НОРМАТИВНО-ПРАВОВЫХ АКТОВНОРМАТИВНО-ПРАВОВЫЕ АКТЫВОПРОСЫ ПРОФИЛАКТИКИ ПРАВОНАРУШЕНИЙВЫБОРЫОБЩЕСТВЕННЫЕ СЛУШАНИЯОТЧЕТНЫЕ ВСТРЕЧИПУБЛИЧНЫЕ ОБСУЖДЕНИЯТЕКУЩАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬО РАБОТЕ АКИМОВ ГОРОДА ЕРЕЙМЕНТАУ, СЕЛ И СЕЛЬСКИХ ОКРУГОВ ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАСЛУЖБА ЦЕНТРАЛЬНЫХ КОММУНИКАЦИЙ СООБЩАЕТПОИСК СОЛДАТАНИКТО НЕ ЗАБЫТ - НИЧТО НЕ ЗАБЫТО О ВЕТЕРАНАХ ВОВПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ РАЙОНАВИДЕОРЕПОРТАЖИЛЕГАЛИЗАЦИЯТЕНДЕРА и ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗАКУПКИСПИСОК ОЧЕРЕДНОСТИ ГРАЖДАНГАЛЕРЕЯКАРТА САЙТАЗЕМЛЯ ПО ЗАКОНУРАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ИНИЦИАТИВАМОЦЕНКА ЭФФЕКТИВНОСТИ БЮДЖЕТНЫХ ПРОГРАММ РАЗВИТИЯБЮДЖЕТНЫЕ ПРОГРАММЫНЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫЕ ОРГАНИЗАЦИИЕНПФ"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ"МЕДИАЦИЯДЕКЛАРАЦИЯ О ДОХОДАХ

2 қыркүйекте еліміздің бүкіл мектептерінде Білім күні аталып өтті. Қалада да, ауылда да, үш ай жаз бойы жақсылып тыныққан, бір жасқа есейген, оқу-ғылымға, өнер мен спортқа төселген ұл-қыздар қасиетті оқу ордасының ауласына ағылды. Ал мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентайлар, олардың әке-шешесі мен ата-әжесі үшін бұл күн - ерекше есте қаларлық мереке, шәкірт атанған тырнақалды қадамын қызықтайтын қуаныш.

Перуаш Кәрімұлы атындағы Малтабар орта мектебінде таңсәріден қарбалас дайындық. Балалардың дәстүрлі алғашқы қоңырау мейрамына ортақтасуға бұл жолы ата-аналарға қоса мәртебелі меймандар - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Азат Перуашев, Берік Дүйсенбинов, елордалық кәсіпкер Дос Перуашев, аудан әкімі Ермек Нұғыманов арнайы келді. Тайбай ауылдық округінің әкімі Талғат Кәрібжанов, аудандық мәслихаттың депутаты Нұртас Маңдаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Кәмила Ахмедиярова, жеке кәсіпкер Ербол Әубәкіров ортамызды толықтырды.

Дәстүрлі жиын қонақтары мен барша қауымға лебізін арнаған аудан әкімі Ермек Нұғыманов Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Туған жер» бағытының тәлімін жоғары бағалады. Белгілі Алаш қайраткері, сонау атышулы қуғын-сүргін зобалаңында жапа шеккен Перуаш ата есімінің түпкілікті қайта жаңғырғаны, ҚР Үкіметінің арнайы Қаулысы шыққаны ел қуанышын еселей түсті. Тарихымыздың зерделенгенін, ұлыларымыздың ұлықталғанын айшықтайтын игі істің бірі. Оған қоса «100 мектеп» бағдарының алғашқы қарлығашы ретінде жаңа білім ордасының игілікке берілгеніне биыл тура 10 жыл толыпты. Осы айтулы күн құрметіне «Мәңгілік ел» іргесін нығайтатын, аға буынның ізін басатын, ата ана мен ұстаз үмітін ақтайтын білімді де зерделі шәкірттердің түлеп ұша беруін тілеген өңір басшысының жылы лебіз жүрекке жол тауып жатты.

Халық қалаулысы «Ақжол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев та игі бастама иелеріне, аудан басшылығы мен мәслихатына інілік ризашылығын білдірді. 1 сынып оқушыларына арнайы ала келген алғашқы базарлығын - жазу құралдары жиынтығын табыс етті. Ауданымыздың құрметті азаматы, тыл және еңбек ардагері, ауыл ақсақалы Амантай Имағамбетовтың бата-тілегі белгілі өнерпаз ініміз Алдияр Алдасүгіровтың орындауындағы «Бөгенбай батыр» патриоттық әнімен әрленді.

Білікті жетекші Руслан Хамзин басқаратын ұжымның да білім-тәрбие саласында өзіндік жетістігі баршылық. Өткен 2016-2017 оқу жылындағы түлектердің ҰБТ сынағында мектеп ауданда үшінші орынды иеленді. Жаңартылған бағдарламамен,заман ағымына ілесе жұмыс жүргізетін ұйымшыл да зерделі әріптестер ұжымы биыл тиісті білімді 4 маманмен толықты. Эльмира Құсайынова химия, Үміт Төлендинова ағылшын тілі пәнін оқытады. Айгүл Тілеулесова үшінші сыныпты қарамағына алды. Абу Диас дене тәрбиесі сабағы арқылы ауыл баласын саламатты өмір салтына, бұқаралық спортқа бейімдемек ниетте. Бірінші сынып табалдырығын аттаған, өң-жүзі бақыт пен қуаныштан бал-бұл жанған 17 өрен тәжірибелі мұғалима Баян Дүйсембаеваның еншісіне тиді. Шағын орталықтың бүлдіршіндерін есептемегенде, 1-11 сыныпта жалпы 111 оқушы оқытылатын болады.

Мерекелік концерт сахнасын 8-9 сынып оқушыларынан құралған, аға тәлімгер Айсұлу Әренованың жетекшілігіндегі «Алтынай» би тобы, жеке дауыстағы әнші Дильназ Сүлейменова көркемдеді. Бірінші сыныптың бал тілді әдеби монтажы ересектердің еңсесін, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін тағы бір саты биіктетті

11 сынып оқушысы Айдос Жұмабаев пен 1 сынып оқушысы Мөлдір Базарбай соққан, оқудың басталғанын жария еткен алғашқы қоңырау үнімен аудан әкімі мен Мәжіліс депутаты ішке енді. Кішкентайлар сабақ алатын, арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде бүгіннен бастап қаланатын білім іргетасының мәңгі мықты, мектеп өмірінің мәнді де қызықты болуына тілектестік ниет білдірді.

Сонымен барлық сыныптарда «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбы қамтылған танымдық сабақ басталды.

Иә, тәуелсіз Отанның болашағын қалауды көздеген ауыл ұстаздарының, жалпы бүкіл білім қызметкерлерінің қиын да қажырлы еңбегі Мәңгілік елде мәңгі толымды табысымен ақтала берсін.

Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ.

 

Суретті түсірген автор.

Разработка и поддержка сайта IT-Expert
www.it-expert.kz
020800, Акмолинская область, Ерейментауский район, город Ерейментау, ул.А.Кунанбаева 121
Тел.: 8(71633) 21333, 21467, 23465
E-mail: oo_erem@mail.ru