ГЛАВНАЯАРХИВ НОВОСТЕЙПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНИМИДЖ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫВОПРОСЫ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИО ПРОТИВОДЕЙСТВИИ ТЕРРОРИЗМУВАКАНСИИПРОГРАММА РАЗВИТИЯ ТЕРРИТОРИИ ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАНОВАЯ ЭКОНОМИКА - НОВЫЕ ПЛАНЫ И ГОРИЗОНТЫК ЗЕЛЕНОЙ ЭКОНОМИКЕЭКОНОМИКА и ФИНАНСЫГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТОБРАЗОВАНИЕСОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ЗАНЯТОСТЬДОРОЖНАЯ КАРТА 2020ЗДРАВООХРАНЕНИЕКУЛЬТУРА И ЯЗЫКИФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА И СПОРТТУРИЗМВНУТРЕННЯЯ ПОЛИТИКАСЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВОАРХИТЕКТУРА И ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВОЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОЕ ХОЗЯЙСТВО ПАССАЖИРСКОГО ТРАНСПОРТА, АВТОМОБИЛЬНЫХ ДОРОГ, СТРОИТЕЛЬСТВА И ЖИЛИЩНОЙ ИНСПЕКЦИИПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО и ПРОМЫШЛЕННОСТЬГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОДДЕРЖКА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИУПРАВЛЕНИЕ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ДОХОДАМЗЕМЕЛЬНЫЕ ОТНОШЕНИЯПРОЕКТЫ НОРМАТИВНО-ПРАВОВЫХ АКТОВНОРМАТИВНО-ПРАВОВЫЕ АКТЫВОПРОСЫ ПРОФИЛАКТИКИ ПРАВОНАРУШЕНИЙВЫБОРЫОБЩЕСТВЕННЫЕ СЛУШАНИЯОТЧЕТНЫЕ ВСТРЕЧИПУБЛИЧНЫЕ ОБСУЖДЕНИЯТЕКУЩАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬО РАБОТЕ АКИМОВ ГОРОДА ЕРЕЙМЕНТАУ, СЕЛ И СЕЛЬСКИХ ОКРУГОВ ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАСЛУЖБА ЦЕНТРАЛЬНЫХ КОММУНИКАЦИЙ СООБЩАЕТПОИСК СОЛДАТАНИКТО НЕ ЗАБЫТ - НИЧТО НЕ ЗАБЫТО О ВЕТЕРАНАХ ВОВПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ РАЙОНАВИДЕОРЕПОРТАЖИЛЕГАЛИЗАЦИЯТЕНДЕРА и ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗАКУПКИСПИСОК ОЧЕРЕДНОСТИ ГРАЖДАНГАЛЕРЕЯКАРТА САЙТАЗЕМЛЯ ПО ЗАКОНУРАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ИНИЦИАТИВАМОЦЕНКА ЭФФЕКТИВНОСТИ БЮДЖЕТНЫХ ПРОГРАММ РАЗВИТИЯБЮДЖЕТНЫЕ ПРОГРАММЫНЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫЕ ОРГАНИЗАЦИИЕНПФ"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ"МЕДИАЦИЯДЕКЛАРАЦИЯ О ДОХОДАХОСМСУПОЛНОМОЧЕННЫЙ ПО ЭТИКЕ АППАРАТА АКИМА ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАКОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ЦЕНТР ИЗУЧЕНИЯ ЯЗЫКОВ"ВЫДАННЫЕ РАЗРЕШИТЕЛЬНЫЕ ДОКУМЕНТЫ

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің өңірімізге жұмыс сапары барысында аудан орталығында типтік жобасы таңдалған спорттық-сауықтыру кешенін салғызуға ұсыныс айтылған болатын. Оған қоса Ерейментау қаласының жылу желілері мен №5 қазандығын қайта құрылымдаумен, ауыз су желілерінің жұмысын тәмамдаумен орайласқан міндет белгіленді.

Аудан әкімі Ермек Нұғымановтың төрағалығымен өткен қоғамдық кеңестің кезекті жиыны облыс басшысының тапсырмасын әрмен қарай іспен пысықтауға арналған жұмыс жоспарын алқалы негізде талқылады.

Сәулет және қалақұрылысы бөлімінің жетекшісі Нұрлан Бәтенов шақырылған қауымды құрылыс жүргізуге таңдалған учаскелермен алдын-ала таныстырып шықты. Объектіге лайықталған жалпы жер алаңы кемінде 1 гектар болуы шарт. Олар: аудандық емхананың, бұрынғы теміржолшылар клубының артындағы саябақтың, №8 АТК ғимаратының жанындағы жәрмеңке қалашығының төңірегі, Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің ық жағындағы бос жер учаскесі. Көпшіліктің назарына бейнекөрініс арқылы іргетас-жоспары кескінделген эскизді жобаның әртүрлі нұсқасы ұсынылды. Оған жаттығу және ойын залы енгізіледі. Кеңес алқасы бірнеше жобаның ішінен болашақ объектінің анғұрлым тиімді де тартымды нұсқасын таңдап алды. Ізінше жобалық-сметалық құжаттамасы даярланғанда облысқа бюджеттік өтінім түсіруге лайықталатын ақшалай жалпы құны белгілі болады. Атқарылатын жұмыс ауқымы мен керекті құрылыс материалдары қамтылған тиісті есеп қағазы қоса ұсынылады.

Аудан басшысы ұсынылған жер учаскелерінің ішінен Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің ық жағындағы, қаланың оңтүстік тұсындағы резервті бос жер учаскесін таңдауды ұйғарды. Дәл жанынан өтетін бүкіл инженерлік желілер жылу және су жүйесіне тұрғын үй кварталы арқылы жалғай қоюға да ыңғайлы.

Ақсақалдардың, қоғамдық кеңес өкілдерінің басым даусымен жаңағы ұсыныс бірауыздан құп алынды. Келешекте алдағы екі жылда Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйі мен «Жігер» стадионын жөндеуге жоспар белгіленіп отыр. Осының бәрі, қазіргі БЖСМ-нің күрес залын қоса алғанда, күннің күнінде мәдени-сауықтыру мақсатындағы тұтас кешенге айналмақ. Игілікті істің баяндылығын тілейік.

 

Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ.

Разработка и поддержка сайта IT-Expert
www.it-expert.kz
020800, Акмолинская область, Ерейментауский район, город Ерейментау, ул.А.Кунанбаева 121
Тел.: 8(71633) 21333, 21467, 23465
E-mail: oo_erem@mail.ru