ГЛАВНАЯАРХИВ НОВОСТЕЙПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНИМИДЖ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫВОПРОСЫ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИО ПРОТИВОДЕЙСТВИИ ТЕРРОРИЗМУВАКАНСИИПРОГРАММА РАЗВИТИЯ ТЕРРИТОРИИ ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАНОВАЯ ЭКОНОМИКА - НОВЫЕ ПЛАНЫ И ГОРИЗОНТЫК ЗЕЛЕНОЙ ЭКОНОМИКЕЭКОНОМИКА и ФИНАНСЫГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТОБРАЗОВАНИЕСОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ЗАНЯТОСТЬДОРОЖНАЯ КАРТА 2020ЗДРАВООХРАНЕНИЕКУЛЬТУРА И ЯЗЫКИФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА И СПОРТТУРИЗМВНУТРЕННЯЯ ПОЛИТИКАСЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВОАРХИТЕКТУРА И ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВОЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОЕ ХОЗЯЙСТВО ПАССАЖИРСКОГО ТРАНСПОРТА, АВТОМОБИЛЬНЫХ ДОРОГ, СТРОИТЕЛЬСТВА И ЖИЛИЩНОЙ ИНСПЕКЦИИПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО и ПРОМЫШЛЕННОСТЬГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОДДЕРЖКА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИУПРАВЛЕНИЕ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ДОХОДАМЗЕМЕЛЬНЫЕ ОТНОШЕНИЯПРОЕКТЫ НОРМАТИВНО-ПРАВОВЫХ АКТОВНОРМАТИВНО-ПРАВОВЫЕ АКТЫВОПРОСЫ ПРОФИЛАКТИКИ ПРАВОНАРУШЕНИЙВЫБОРЫОБЩЕСТВЕННЫЕ СЛУШАНИЯОТЧЕТНЫЕ ВСТРЕЧИПУБЛИЧНЫЕ ОБСУЖДЕНИЯТЕКУЩАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬО РАБОТЕ АКИМОВ ГОРОДА ЕРЕЙМЕНТАУ, СЕЛ И СЕЛЬСКИХ ОКРУГОВ ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАСЛУЖБА ЦЕНТРАЛЬНЫХ КОММУНИКАЦИЙ СООБЩАЕТПОИСК СОЛДАТАНИКТО НЕ ЗАБЫТ - НИЧТО НЕ ЗАБЫТО О ВЕТЕРАНАХ ВОВПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ РАЙОНАВИДЕОРЕПОРТАЖИЛЕГАЛИЗАЦИЯТЕНДЕРА и ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗАКУПКИСПИСОК ОЧЕРЕДНОСТИ ГРАЖДАНГАЛЕРЕЯКАРТА САЙТАЗЕМЛЯ ПО ЗАКОНУРАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ИНИЦИАТИВАМОЦЕНКА ЭФФЕКТИВНОСТИ БЮДЖЕТНЫХ ПРОГРАММ РАЗВИТИЯБЮДЖЕТНЫЕ ПРОГРАММЫНЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫЕ ОРГАНИЗАЦИИЕНПФ"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ"МЕДИАЦИЯДЕКЛАРАЦИЯ О ДОХОДАХОСМСУПОЛНОМОЧЕННЫЙ ПО ЭТИКЕ АППАРАТА АКИМА ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАКОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ЦЕНТР ИЗУЧЕНИЯ ЯЗЫКОВ"ВЫДАННЫЕ РАЗРЕШИТЕЛЬНЫЕ ДОКУМЕНТЫ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Жер Кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты баспасөз конференция өтті. Баспасөз конференция барысында Жер реформасы бойынша Комиссияның жер заңнамасын жетілдіру жөніндегі дайындалған ұсыныстарды заңнамалық реттеу мәселесі талқыланды. Жер кодексінің келесі нормаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған:

1. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру;

2.  Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шектеу (ең жоғары) мөлшерін белгілеу;

3. Шекара маңындағы аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін берудің талаптарын қатаңдату;

4. Халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, елді-мекендер маңындағы жайылымдардың алаңдарын анықтау.

Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтай отырып, заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде берудің бөлек тәртібін белгілеу қарастырылады.

Конкурсқа жариялылықты және барлық потенциалды қатысушыларға бірдей қатысуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіп конкурсты өткізу туралы хабарламаны БАҚ, әкімдіктердің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурстерінде жариялау қарастырылады.

Конкурстың жеңімпазын анықтайтын комиссия құрамына қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдері қатысады, олар комиссия мүшелерінің жалпы санының               50 % астамын құрайды.

Барлық ықтимал қатысушыларға конкурс ашықтығын және тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, жаңа тәртіп бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты өткізу хабарламасын және әкімдіктің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қарастыратын болады. Сондай-ақ ақпараттық стендтерде және ресми сайттарда жариялау үшін бір мезгілде оларды облыс көлеміндегі барлық әкімдіктерге жолданады.

Конкурсқа қатысудың міндетті шарты болып қатысушымен конкурстық ұсынымды беру болып табылады. Атап айтқанда:  

-  ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің бизнес-жоспары;

- шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру бойынша міндеттемелер;

- жергілікті тұрғындарға жұмыс орындарын құру бойынша міндеттемелер;

- өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егу алаңдарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау бойынша міндеттемелер;

Анықтама: қолда бар норма:

Еркін нысанда ауыл шаруашылық дақылдарын егу үшін нақты қолда бар қажетті ауыл шаруашылық механикалық құрылғыларын көрсете отырып жер учаскесін  пайдалану бойынша бизнес-жоспар немесе өндірістік бағдарлама және (немесе) оларды сатып алуға (жалға алу, қызмет көретуді  сатып алу және тағы басқалар) шарттың көшірмесін (немесе ниет ету хаттамасын) ұсыну;

білім туралы дипломның (ол болған жағдайда) көшірмесі немесе еңбек қызмету туралы және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс өтілі көрсетілген өмірбаян.

Берілетін жерлердің ұтымды пайдаланылуын тексеру мақсатында, заң жобасымен тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылды: жалға алудың алғашқы 5 жылында – жыл сайын,келесі кезеңдерде суармалы егістікте әрбір 3 жылда, тәлімді жерде – әр 5 жылда.

Ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен мөлшерін  «бір қолға» беруге жол бермеу мақсатында, заң жобасымен қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғары мөлшерін алқаптар бойынша республика, облыс және  әкімшілік аудандар (қалалар) шегінде белгілеу қарастырылады.

Бұдан басқа, Заң жобасымен Мемлекеттік шекараның  шекара белдеуінде және аймағында ауыл шаруашылығы жерлерін беру талаптарын күшейту қарастырылған. Онда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдіктердің қатысуы бар заңды тұлғаларға жерді иеленуге шектеу қойылады.

Ауыл тұрғындарының мал жаюы үшін жайылымдық алқаптардың жетіспеу проблемасын шешу үшін заң жобасымен елді мекендер маңында тұрғындардың жеке малдарын ұстау бойынша мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың көлемдері анықталатын болады.

Бұдан басқа, заң жобасымен жер комиссисының статусын анықтау, жер учаскесінің бөлінуі, елді мекен жерлеріндегі жер учаскелерінің нысаналы мақсатын ауыстыру және т.б. мәселелерді қамтитын Жер кодексінің нормаларын жетілдіру қарастырылады.

Жоғарыда аталған нормаларды қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеліп соқпайды және ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға жол ашатын болады.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі

+7 7172 555 765

minagripress@gmail.com

 

 

 

 

Разработка и поддержка сайта IT-Expert
www.it-expert.kz
020800, Акмолинская область, Ерейментауский район, город Ерейментау, ул.А.Кунанбаева 121
Тел.: 8(71633) 21333, 21467, 23465
E-mail: oo_erem@mail.ru