ГЛАВНАЯАРХИВ НОВОСТЕЙПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНИМИДЖ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫВОПРОСЫ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИО ПРОТИВОДЕЙСТВИИ ТЕРРОРИЗМУВАКАНСИИПРОГРАММА РАЗВИТИЯ ТЕРРИТОРИИ ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАНОВАЯ ЭКОНОМИКА - НОВЫЕ ПЛАНЫ И ГОРИЗОНТЫК ЗЕЛЕНОЙ ЭКОНОМИКЕЭКОНОМИКА и ФИНАНСЫГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТОБРАЗОВАНИЕСОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ЗАНЯТОСТЬДОРОЖНАЯ КАРТА 2020ЗДРАВООХРАНЕНИЕКУЛЬТУРА И ЯЗЫКИФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА И СПОРТТУРИЗМВНУТРЕННЯЯ ПОЛИТИКАСЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВОАРХИТЕКТУРА И ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВОЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОЕ ХОЗЯЙСТВО ПАССАЖИРСКОГО ТРАНСПОРТА, АВТОМОБИЛЬНЫХ ДОРОГ, СТРОИТЕЛЬСТВА И ЖИЛИЩНОЙ ИНСПЕКЦИИПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО и ПРОМЫШЛЕННОСТЬГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОДДЕРЖКА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИУПРАВЛЕНИЕ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ДОХОДАМЗЕМЕЛЬНЫЕ ОТНОШЕНИЯПРОЕКТЫ НОРМАТИВНО-ПРАВОВЫХ АКТОВНОРМАТИВНО-ПРАВОВЫЕ АКТЫВОПРОСЫ ПРОФИЛАКТИКИ ПРАВОНАРУШЕНИЙВЫБОРЫОБЩЕСТВЕННЫЕ СЛУШАНИЯОТЧЕТНЫЕ ВСТРЕЧИПУБЛИЧНЫЕ ОБСУЖДЕНИЯТЕКУЩАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬО РАБОТЕ АКИМОВ ГОРОДА ЕРЕЙМЕНТАУ, СЕЛ И СЕЛЬСКИХ ОКРУГОВ ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАСЛУЖБА ЦЕНТРАЛЬНЫХ КОММУНИКАЦИЙ СООБЩАЕТПОИСК СОЛДАТАНИКТО НЕ ЗАБЫТ - НИЧТО НЕ ЗАБЫТО О ВЕТЕРАНАХ ВОВПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ РАЙОНАВИДЕОРЕПОРТАЖИЛЕГАЛИЗАЦИЯТЕНДЕРА и ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗАКУПКИСПИСОК ОЧЕРЕДНОСТИ ГРАЖДАНГАЛЕРЕЯКАРТА САЙТАЗЕМЛЯ ПО ЗАКОНУРАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ИНИЦИАТИВАМОЦЕНКА ЭФФЕКТИВНОСТИ БЮДЖЕТНЫХ ПРОГРАММ РАЗВИТИЯБЮДЖЕТНЫЕ ПРОГРАММЫНЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫЕ ОРГАНИЗАЦИИЕНПФ"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ"МЕДИАЦИЯДЕКЛАРАЦИЯ О ДОХОДАХОСМСУПОЛНОМОЧЕННЫЙ ПО ЭТИКЕ АППАРАТА АКИМА ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАКОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ЦЕНТР ИЗУЧЕНИЯ ЯЗЫКОВ"ВЫДАННЫЕ РАЗРЕШИТЕЛЬНЫЕ ДОКУМЕНТЫ

Біз келіп қоныстанған 1993 жылдары Жолбасшы ауылынан солтүстікке қарай 1-2 шақырым жерде Ақмырза өзенінің бойында үлкен ағаш өсіп тұратын. Ғажыбы: сол ағаш тас үстіне өскен. Сырт жағынан әр жерден қада қағылып, темір шынжырмен қоршалған.

Ол кезде Жолбасшыда елу шақты отбасы бар, қариялар да көп еді. Жиылған жерде әңгіме, кеңес көп айтылатын. Өкінішке қарай, зейін қойып, есте сақталмады. Бүгінгі оқиға - ертеңге қалар тарих, бүгінгі әңгіме - ертеңге қалар шежіре, бүгінгі атқарылған іс -ертеңге қалар мұра. Бұл киелі ағашта жаңағы үшеуінің бәрі бар. Бұтақтары жан-жаққа жайылып өскен, Жапырағы да төгіліп тұр. Өте алыстан менмұндалап көз тартады. Бұл ағаш қызғыштай қорып, ешкімді жолатпай тұрғаны - өз заманында әрі батыр, әрі би, өзі болыс болған әулие Құлболдының зираты екен. Алғаш көрген бетте келесідей шумақ ойға оралды:

Бөктерде жалғыз ағаш жайқалады,

Бір сырдың бар екені байқалады.

Сөзіне құлақ салсаң көпшіліктің,

Бір емес, талай кеңес айтылады.

Ағаштың киелі болған себебі - батыр әулиені қорғап тұрғаны және оған тиіскен адам үлкен дертке шалдығады.

Ел аузында мынадай әңгіме де бар. Біріншісі: бір адам үйдегі қызды самауырға қу ағаш әкелуге жіберіпті. Ол адам отын таппай, сол ағаштың бұтағын сындарғанда аузы қисайыпты, деседі. Бірақ Жолбасшының орманы бұдан жақын жере еді. Екінші бір топ былай дейді: келе жатқан бала ағаштың жапырағын жұлып алып, аузына салғанда, аузы қисайыпты, деседі. Талай жыл осы ағаштың шырақшысы болған Абақов Ертай ақсақалтағы бір әңгіме айтты. «Бұл ағаштың астында Құлболды атты батыр, би, болыс жерленген. Баяғыда Ш. есімді әйел бұзау айдап келе жатқанда, төл сол ағаштың саясында жүрмей, тұрып алады. Келіншек дереу ағаштың бұтағын сындырып алыпты да, бұзауын айдапты. Үйге келгенде ол ауырып, аузы қисаяды. Ол кезде бұл елді мекенді «үш молданың» ауылы деп те атаған екен. Сол молдалардың үрім-бұтағы Сүлеймен науқасты емдеп жазыпты. Ағаштың бұтағын орнына байлап, дұғасын оқыды», - деп еді. Бертінде Серікпай Төлеубеков те осы әңгімені растады. Ол кісінің қазір жоқ екенін, үрім-бұтағының Олжабай батыр ауылында тұратынын айтты. Бұл үш әңгіменің түйінінде киелі ағашқа байланысты, десе де Абақов Ертайдың айтқаны ойға қонымдылау. Қасиет ағашта ма, әлде астында жатқан адамда ма, ол жағы белгісіз. Бәлкім, адамда болар. Биылғы жылдың маусым айында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің бір топ ғалымдары «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде ауданымыздың тарихи орындарын аралаған сәтте осы Құлболдының зиратын да көріпті. Алдында айтылған «үш молданың» ауылы атауын Нұртаза Ыдырышев растай келе, ертеректе Оспан, Қуанышпай, Сағымбай есімді білікті діни ғұламалармен байланыстырады. Олардан басқа дін тұлғалары да көп болыпты. Сайлау Байбосынның «Ерейментау» кітабында баяндалатын Әлі молда да осы ауылда жасап өтіпті. Әлі қарт намаз оқып отырғанда киіз үйдің сыртында сарыбас жыландар еріп жүретін, шықпайтын, немере қызы Қаракөз әңгіме етіп отыратын, деп келіні қадиша баяндады. Жаяу жүргенде атқа жеткізбейтін адам болыпты, деп немере келіні Қанифа әжей тағы бір әңгіменің тиегін ағытты.

Бірде басқармамен келіспей қалған Әлі молда аудан орталығына жаяу кетеді. Басқарма оны ести сала, атпен соңына ілессе де, қуып жетпепті. Ол кісі межелі жеріне бұрын барыпты. Сондай аруақты адам болған , десе жаңағы әңгімені көп адам айтып, қостайды. Және Құлекеңнің зиратына барып, зікір салып кейде қонып қалатыны кітапта айтылады. Дертіне дауа іздеген, бала тілеген, медет-жәрдем күткен адамдардың осы зиратқа аранйы келіп, түнеп жүретіні көпке мәлім. 1995 жылы тамыз айының басында өзіміз бір оқиғаға куә болып едік. Биғайша есімді әйел біраз адаммен зират басына түнеді. Ауылдан Ахматдолда Жаңабай, Амантай Ертай әйелімен, Амалқан апай, Торғай біз үй-ішімізбен түгелдей болдық, шаруаларына көмектестік. Бұдан басқа да келіп-кететін, түнейтін адамдар легі үзілмейді екен.

Осы зиратты ең алғаш темір шынжырмен қоршаған Торғай ауылының молдасы Ахметов Жүнісбек ақсақал екен. Бұл туралы Айтжанов Қанашқа өзі айтыпты. Бахаева Қадиша: «Құлекең бізгн рулас болады. Мәшһүр Жүсіп Көпеев жүнісбекке аян беріп: сен неге зиратты қоршамай жүрсің?, десе керек. Содан жүкең қалаға керек-жарақ затқа тапсырыс беріп, бәрін жасатыпты. Бұл оқиғаны ұлы Мұрат, келіні Гүлбарам растай келе, туыс адам болатынын, зират басына жиі барып тұратынын айтады. Және бұл қоршау сексенінші жылдардың ортасынан кейін салыныпты. Ал бертін 1999 жылы кәрпіштен қалап, үлкен мазар тұрғызды. Бұл жөнінде ауыл азаматы Серікпай Төлеубеков аудандық ауруханада ем ақбылдап жатқанда Бозшакөл стансасынан келген машинист азаматпен бірге болады. Сөз арасында Күлекең әңгіме болып, баба қорымын іздеп жүргенін айтады. Жігіттің іздеген жоғы осылай табылады. Кеңестік дәуірдің әсерінен мұндай іске бөгет көп болса керек. Соңғы мазар тұрғызғанда ауыл адамдары жұмысшыларды күтуге, қонақтарды қабыладуға жақсы көмектесті. Мазар тұрғызған кәсіпкер – Марат Тәйкенов. Бір жұма жатып, барлық жұмысты атқарысқан Сүйіндік Байшин молда болды. Ол кісілер Павлодар облысы Екібастұз қаласынан келді. 1999 жыл Елбасының Жарлығымен «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болған еді. Ұрпақтары ұлыларын еске алып, мазар құрылысының бітуіне орай үлкен ас берді. 6 киіз үй тігілді. 9, 18 шақырымдық ат бәйгесі, ақындар айтысы ұйымдастырылды. Сахария Қабдыжәлел мен Сайлау Байбосын айтысқа шықты. Қарағанды, Павлодар, Баянауыл, Астана, Ерейментау, тағы басқа өңірлерден қонақ көп келді. Аудан әкімі Өмірсерік Мұсабаев, ел ағасы Мақсұт Баймұрынов тойға куәгер болды. Осының бәрі еліміздің тәуелсіздік алып, өз қолы өз аузына жеткенінің нәтижесі екенін айтып, көптеген адамдар сөз сөйледі. Ақын Сайлау өлең оқыды. Мақала құлекең туралы болған соң, мүмкін біреуге керек болар, сол жиында «Құлекеңе сыр ашу» деген өлеңімдіс оқып едім. Оны да баспаға қоса ұсынуды жөн көрдім.

Құлеке! Меніңс айтқан сөзіме нан,

Қасыңа жиналып тұр қаншама жан.

Бір ауна, орныңызда басың көтер,

Шымырлап бойыңызда жүгірді қан.

Өмірден өтіпті ғой алай алып,

Жатады соңдарында іздер қалып.

Жиналдық Құлекеңнің мазарына,

Ұрпағын қажы-екеңнің ортаға алып.

Өкінішпен өткен өмір жасқанып,

Тоқсаныншы жыл жаңа дәуір басталып.

Мазар салды ұрпақтарың басыңа,

Әулие батырлығыңды еске алып.

Әкеңнің жооын қуған ұлы болдың,

Намыс қорғар батырдың бірі болдың.

Сіз-дағы әулие едіңіз ел сыйлаған,

Халықтың қадір тұтар пірі болдың.

Ел-жұртың еске алар басын иіп,

Тұрғаны көп адамға пайдаң тиіп.

Ауырған, бала сұрап қиналғандар,

Түнейді Құлекеңнің тасын сүйіп.

Көрмедің бағытыңнан әсте тайып,

Болмайды ақиқатта ешбір айып.

Қонақтап басыңызға талай адам,

Алып жүр батаңызды - қолын жайып.

Ұрпаққа адал жолды үгіттедің,

Боларын жаңа дәуір үмітті едің.

Болашақ бодан болып кетпесін,-деп,

Күніне жүз ойлап, мың төңкерілдің.

Данадан дана туар дана болып,

Қоғам да өзгереді жаңа болып.

Өмірдің талай қиын тәлкегінде,

Қорғадың ел-жұртыңды пана болып.

Келіп тұр ұрпағыңыз сізді сыйлап,

Ас берді Жолбасшыда елді жинап.

Ақталды елің үшін төккен терің,

Күрестің көп шайқаста жанды қинап.

Болып ед тарихта талай қатпар,

Шежіре бар шындықты еске сақтар.

Жиналды ұрпақтарың жаныңызға,

Жасырмай болған жайды түгел ақтар.

Белің де бүгілмеді көп шайқасып,

Жауыңа сыр бермедің мол байқасып.

Сол дұшпан талай рет кірсе-дағы,

Батырлар жолатпады сан айқасып.

Сол күрес көп жалғасты аяқталмай,

Ұл-қыздар да күресті қарап қалмай.

Төріңде Көкбейрағың желбіреді,

Құлеке! Неге жатсың көзің салмай.

Құлекең мызғып кетті, ұзақ жатты,

Ыдырап, Одақтың да күні батты.

Қазағың өз алдына отау тігіп,

Еліңде Тәуелсіздік таңы атты.

Өмірдің өтті талай белестері,

Асылдың есте қалды кеңестері.

Күрескен сол кездегі тәуелсіздік,

Ақиқат-шындық болды елестері.

Батырлар да көп болды езілмеген,

Мақсатың орындалды - елім деген.

Тәуелсіз ел атанып Қазақстан,

Төрінде Көкбайрағы желбіреген.

Аман тұр табиғатың, тау-құздарың,

Аман тұр жер байлығы, су-мұздарың.

Құлеке, алаңдамай ұйықтай бергін,

Қорғайды Отаныңды ұл-қыздарың.

Жолбасшы ауылындағы жиын. 199 жыл. Тамыз айы.

Сол кезде Құлекеңе қорған болып, өзіне тиіскенді аямай тұрған киелі ағаш: мен міндетімді атқардым. Әулиені қолдап-қоршап ел-жұртына табыс еттім, дегені ме, әлде қартайды ма? Басқа да себеп бар ма? Әлде биік қорғаннан күн сәулесі біркелкі жеткілікті түспеді ме? Тек бұрынғыдай жапырақ жайып-жайқалмаған күйде сояу-сояу бұтақтары қалыпты.

ӘДЕБИЕТ БАЙДОЛДАҰЛЫ. Новомарковка ауылы.

Суретте: Құлболдының жаңартылған кесенесінің көрінісі.

 

Суретті түсірген Аманжол ҚЫЗМЕТ. 

Разработка и поддержка сайта IT-Expert
www.it-expert.kz
020800, Акмолинская область, Ерейментауский район, город Ерейментау, ул.А.Кунанбаева 121
Тел.: 8(71633) 21333, 21467, 23465
E-mail: oo_erem@mail.ru