ГЛАВНАЯАРХИВ НОВОСТЕЙПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНИМИДЖ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫВОПРОСЫ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ КОРРУПЦИИО ПРОТИВОДЕЙСТВИИ ТЕРРОРИЗМУВАКАНСИИПРОГРАММА РАЗВИТИЯ ТЕРРИТОРИИ ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАНОВАЯ ЭКОНОМИКА - НОВЫЕ ПЛАНЫ И ГОРИЗОНТЫК ЗЕЛЕНОЙ ЭКОНОМИКЕЭКОНОМИКА и ФИНАНСЫГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТОБРАЗОВАНИЕСОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ЗАНЯТОСТЬДОРОЖНАЯ КАРТА 2020ЗДРАВООХРАНЕНИЕКУЛЬТУРА И ЯЗЫКИФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА И СПОРТТУРИЗМВНУТРЕННЯЯ ПОЛИТИКАСЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВОАРХИТЕКТУРА И ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВОЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОЕ ХОЗЯЙСТВО ПАССАЖИРСКОГО ТРАНСПОРТА, АВТОМОБИЛЬНЫХ ДОРОГ, СТРОИТЕЛЬСТВА И ЖИЛИЩНОЙ ИНСПЕКЦИИПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО и ПРОМЫШЛЕННОСТЬГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОДДЕРЖКА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИУПРАВЛЕНИЕ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ДОХОДАМЗЕМЕЛЬНЫЕ ОТНОШЕНИЯПРОЕКТЫ НОРМАТИВНО-ПРАВОВЫХ АКТОВНОРМАТИВНО-ПРАВОВЫЕ АКТЫВОПРОСЫ ПРОФИЛАКТИКИ ПРАВОНАРУШЕНИЙВЫБОРЫОБЩЕСТВЕННЫЕ СЛУШАНИЯОТЧЕТНЫЕ ВСТРЕЧИПУБЛИЧНЫЕ ОБСУЖДЕНИЯТЕКУЩАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬО РАБОТЕ АКИМОВ ГОРОДА ЕРЕЙМЕНТАУ, СЕЛ И СЕЛЬСКИХ ОКРУГОВ ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАСЛУЖБА ЦЕНТРАЛЬНЫХ КОММУНИКАЦИЙ СООБЩАЕТПОИСК СОЛДАТАНИКТО НЕ ЗАБЫТ - НИЧТО НЕ ЗАБЫТО О ВЕТЕРАНАХ ВОВПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ РАЙОНАВИДЕОРЕПОРТАЖИЛЕГАЛИЗАЦИЯТЕНДЕРА и ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗАКУПКИСПИСОК ОЧЕРЕДНОСТИ ГРАЖДАНГАЛЕРЕЯКАРТА САЙТАЗЕМЛЯ ПО ЗАКОНУРАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ ИНИЦИАТИВАМОЦЕНКА ЭФФЕКТИВНОСТИ БЮДЖЕТНЫХ ПРОГРАММ РАЗВИТИЯБЮДЖЕТНЫЕ ПРОГРАММЫНЕПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫЕ ОРГАНИЗАЦИИЕНПФ"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ"МЕДИАЦИЯДЕКЛАРАЦИЯ О ДОХОДАХОСМСУПОЛНОМОЧЕННЫЙ ПО ЭТИКЕ АППАРАТА АКИМА ЕРЕЙМЕНТАУСКОГО РАЙОНАКОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ЦЕНТР ИЗУЧЕНИЯ ЯЗЫКОВ"ВЫДАННЫЕ РАЗРЕШИТЕЛЬНЫЕ ДОКУМЕНТЫ

Сонау 37-нің атышулы зобалаңында жазықсыз қуғын-сүргінге іліккен Перуаш Кәрімұлының есімі бүгінгі ұрпақтың жадында мәңгі сақталады. Немересі, Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты, «Ақжол» партиясының басшысы, танымал кәсіпкер Азат Тұрлыбекұлы Перуашевтың ізденісінің нәтижесінде ұстаз есімін ақтауға, мәңгі есте қалдыруға қол жетті. Бір кездері қызмет атқарған Малтабар орта мектебіне ата есімі берілгені баршаға мәлім.

Жылда аталмыш білім ордасында немеренің бастамасымен, демеушілік жәрдемімен спорттық шара өткізіліп тұрады. Бұл бүгінгі ұрпақтың сый-құрметі, өнегелі қадамы. Жуырда ауылдың білім ошағында төртінші мәрте ұйымдастырылған жарыс бұл жолы да абыроймен өтті.

Турнир пердесін ашып берген аудан әкімі Ермек Нұғыманов баршаға ізгі ниетті жылы лебізін арнады. Ізінше халық қалаулысы Азат Перуашев, ауданның құрметті тұрғыны Амантай Имағамбетов сөз сөйледі. Негізінен олар Қазақстанның егемендігі жарияланғаннан бері осыдан 80 жыл бұрын еш кінәсіз қуғындалған жандардың ұмытылған есімдерін ақтауға, емін-еркін атауға қол жеткенін айтты. Елбасының «Туған жер», «Ұлттық жад» бағдарламасы танымал адамдардың, мәдениет, тарих, білім, ғылым қайраткерлерінің есімін өскелең ұрпаққа үлгі ретінде танытуды, көрсетуді мақсат етеді. Дильназ Сүлейменованың орындауындағы «Атамекен» әні шағын сахнаның сәнін келтірді.

БЖСМ директоры Сәрсенбек Өтеповтың нұсқауымен спортшылар жалпылама сапқа жайғасты. Еліміздің мемлекеттік Әнұраны әуеледі. Бапкер Самат Тілеубергенов турнирдің өткізілу ережесін жария етті.

Қысқа ресми бөлім тәмамдалғанда өз қарсыласын анықтауды, тиісті салмақ дәрежесі бойынша білек күшін, бой қабілетін, ішкі мүмкіндігін сынап көруді ниет еткен епті де жігерлі палуандардың бәрі күрес алаңына қарай бет алды.

Боз кілем үстіндегі жігіттер түрлі тәсіл, шеберлік пен тәжірибе, жеңіске деген жігер байқатты. Осылайша әртүрлі епті қимылмен, меңгерген әдісімен, қысқаша және жылдам белдесу ыңғайымен бапкерлердің, төрешілердің көңілінен шығып жатты. Әрбір салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлерінің есімдері белгілі болды. Айта кететін жайт, үшінші орынға екі-екі палуаннан ілікті. Сонымен нақты нәтижеге тоқталайық. 30 келі: Т.Жамбылов, Р.Бөкешев; А.Амангелді, Н.Қасымбек. 35 келі: К.Роман, В.Засыпкин; Н.Бейбітов, Омар Қасымхан. 38 келі: Р.Смағұлов, А.Поезбаев; Ж.Өндіріс, А.Қайрат. 42 келі: А.Жұмағұлов, Д.Поезбаев; Ж.Айдарханов, Ж.Амангелді. 46 келі: Х.Теміртасов, М.Совет; А.Қалау, А.Тілеубаев. 51 келі: О.Еренғайыпов, А.Атанбек; Н.Әуезов, Н.Ахмет. 57 келі: Е.Қаршыға, Д.Жақсылықов; М.Алдаберген, Б.Мағұрыпов. 64 келі: В.Неплюев, Т.Айдарханов; С.Добровольский, Б.Абақаев. +64 келі: М.Әлжанов, А.Жепенов.

Түрлі өңірлерден Малтабарға келген турнир ойыншылары тарихи тұлғаның ғұмырбаян деректерінен, педагогикалық, шығармашылық қызметінен көңілге мол әсер түйді. Өз өмірін халқына, қазіргі ұрпақтың жарқын болашағына арнап өткен жерлес тұлға есімін бүгінгі жастар мен мектеп оқушыларының есімін ұдайы есте ұстайтынына үміттіміз. Ойлаған мақсатқа да өз деңгейінде қол жеткені айқын.

Дайындаған Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫСонау 37-нің атышулы зобалаңында жазықсыз қуғын-сүргінге іліккен Перуаш Кәрімұлының есімі бүгінгі ұрпақтың жадында мәңгі сақталады. Немересі, Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты, «Ақжол» партиясының басшысы, танымал кәсіпкер Азат Тұрлыбекұлы Перуашевтың ізденісінің нәтижесінде ұстаз есімін ақтауға, мәңгі есте қалдыруға қол жетті. Бір кездері қызмет атқарған Малтабар орта мектебіне ата есімі берілгені баршаға мәлім.

Жылда аталмыш білім ордасында немеренің бастамасымен, демеушілік жәрдемімен спорттық шара өткізіліп тұрады. Бұл бүгінгі ұрпақтың сый-құрметі, өнегелі қадамы. Жуырда ауылдың білім ошағында төртінші мәрте ұйымдастырылған жарыс бұл жолы да абыроймен өтті.

Турнир пердесін ашып берген аудан әкімі Ермек Нұғыманов баршаға ізгі ниетті жылы лебізін арнады. Ізінше халық қалаулысы Азат Перуашев, ауданның құрметті тұрғыны Амантай Имағамбетов сөз сөйледі. Негізінен олар Қазақстанның егемендігі жарияланғаннан бері осыдан 80 жыл бұрын еш кінәсіз қуғындалған жандардың ұмытылған есімдерін ақтауға, емін-еркін атауға қол жеткенін айтты. Елбасының «Туған жер», «Ұлттық жад» бағдарламасы танымал адамдардың, мәдениет, тарих, білім, ғылым қайраткерлерінің есімін өскелең ұрпаққа үлгі ретінде танытуды, көрсетуді мақсат етеді. Дильназ Сүлейменованың орындауындағы «Атамекен» әні шағын сахнаның сәнін келтірді.

БЖСМ директоры Сәрсенбек Өтеповтың нұсқауымен спортшылар жалпылама сапқа жайғасты. Еліміздің мемлекеттік Әнұраны әуеледі. Бапкер Самат Тілеубергенов турнирдің өткізілу ережесін жария етті.

Қысқа ресми бөлім тәмамдалғанда өз қарсыласын анықтауды, тиісті салмақ дәрежесі бойынша білек күшін, бой қабілетін, ішкі мүмкіндігін сынап көруді ниет еткен епті де жігерлі палуандардың бәрі күрес алаңына қарай бет алды.

Боз кілем үстіндегі жігіттер түрлі тәсіл, шеберлік пен тәжірибе, жеңіске деген жігер байқатты. Осылайша әртүрлі епті қимылмен, меңгерген әдісімен, қысқаша және жылдам белдесу ыңғайымен бапкерлердің, төрешілердің көңілінен шығып жатты. Әрбір салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлерінің есімдері белгілі болды. Айта кететін жайт, үшінші орынға екі-екі палуаннан ілікті. Сонымен нақты нәтижеге тоқталайық. 30 келі: Т.Жамбылов, Р.Бөкешев; А.Амангелді, Н.Қасымбек. 35 келі: К.Роман, В.Засыпкин; Н.Бейбітов, Омар Қасымхан. 38 келі: Р.Смағұлов, А.Поезбаев; Ж.Өндіріс, А.Қайрат. 42 келі: А.Жұмағұлов, Д.Поезбаев; Ж.Айдарханов, Ж.Амангелді. 46 келі: Х.Теміртасов, М.Совет; А.Қалау, А.Тілеубаев. 51 келі: О.Еренғайыпов, А.Атанбек; Н.Әуезов, Н.Ахмет. 57 келі: Е.Қаршыға, Д.Жақсылықов; М.Алдаберген, Б.Мағұрыпов. 64 келі: В.Неплюев, Т.Айдарханов; С.Добровольский, Б.Абақаев. +64 келі: М.Әлжанов, А.Жепенов.

Түрлі өңірлерден Малтабарға келген турнир ойыншылары тарихи тұлғаның ғұмырбаян деректерінен, педагогикалық, шығармашылық қызметінен көңілге мол әсер түйді. Өз өмірін халқына, қазіргі ұрпақтың жарқын болашағына арнап өткен жерлес тұлға есімін бүгінгі жастар мен мектеп оқушыларының есімін ұдайы есте ұстайтынына үміттіміз. Ойлаған мақсатқа да өз деңгейінде қол жеткені айқын.

Дайындаған Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ

Разработка и поддержка сайта IT-Expert
www.it-expert.kz
020800, Акмолинская область, Ерейментауский район, город Ерейментау, ул.А.Кунанбаева 121
Тел.: 8(71633) 21333, 21467, 23465
E-mail: oo_erem@mail.ru